Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКО КЕРЕМЕТ КАМБЭК ЖАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының 1/16 айналымында Дан Цюдан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз бен германиялық ойыншы арасындағы матч 4-3 есебімен аяқталды (6:11, 11:6, 11:13, 5:11, 11:5, 11:9, 11:6). Кирилл ойын барысында 1-3 есебімен жеңіліп тұрды. Осы кезде жинақылық танытып, келесі кезең жолдамасына иелік етті.

Дан – 2022 жылғы Еуропа чемпионы. Оның ата-анасы кезінде үстел теннисімен кәсіби деңгейде ойнап, өткен ғасырдың аяғында Қытайдан Германияға қоныс аударған.

Айта кетейік, 27 жастағы спортшымыз келесі кезеңде Мысыр/Эквадор өкілімен ойнайды. Ол Риодағы ойындарда бірінші кезеңнен өте алмаса, Токиода бір ойыннан кейін жарысты аяқтаған.

Сурет: Тұрар Қазанғапов.