Харбин қаласындағы қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 3000 метрге жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Надежда Морозова 4-сатыдан көрінді. Тағы бір отандасымыз Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-орынға тұрақтады.

Фото: Сали Сабиров.