Бүгін Астана қаласында конькимен жүгіруден ересектер арасында Қазақстан Кубогының кезеңі басталды. Алғашқы күні ерлер мен әйелдер 500 және 1500 метр қашықтықта жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.
Әйелдер, 500 метр:
1. Дарья Гаврилова (Астана)
2. Арина Ильященко (Павлодар)
3. Алена Лифатова (Павлодар)
Ерлер, 500 метр:
1. Мақсат Мұқаев (Астана)
2. Алтай Жәрдембекұлы (Астана)
3. Иван Аржаников (Петропавл)
Әйелдер, 1500 метр:
1. Маргарита Артемьева (Алматы)
2. Анастасия Беловодова (Семей)
3. Ирина Чумак (Алматы)
Ерлер, 1500 метр:
1. Алтай Жәрдембекұлы (Астана)
2. Вадим Якубовский (Рудный)
3. Михаил Глущенко (Алматы)
Биылғы ел ішіндегі бәсекеге 8 өңірден (6 облыс пен Астана, Алматы қаласынан) 160 спортшы қатысып жатыр. Ертең әйелдер 1000 және 3000 метрге, ерлер 1000 және 5000 метрге жарысады.



