25.04.2025 | 17:46

КСЕНИЯ БАТАЛОВА АТ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Өзбекстан астанасы Ташкентте ат спортынан әлем кубогының кезеңі (CSI 1*W) жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Ксения Баталова N2 бағдарындағы жарысқа (биіктігі 140 см бөрене) Lady Di атты жылқымен шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осы кезеңмен қатар спортшылар Eurasia Maxima Masters турнирінде сынға түсті. Оның нәтижесінде Ксения мен Lady Di алтыннан алқа тақты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес