Ташкентте (Өзбекстан) ат спортынан әлем кубогының кезеңі (CSI1*-W) жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін отандасымыз Нұрила кедергілерді еңсеруде N6 бағдарында Nagano B есімді жылқымен жүріп, үшінші орынға ие болды.
Жүлдегерлер:
1. Бекзод Курбанов Өзбекстан (Santos Hippica)
2. Андрей Тряпицын Қырғызстан (Florizzel)
3. Нұрила Тұрысбекова (Nagano B)
Дүбірлі додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары қатысып жатыр.