Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КЁРЛИНГТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Есеп: 14-0. Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.

Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.

Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.

Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.

Фото: Сали Сабиров