30.03.2025 | 07:54
Бөлісу:
МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Бостонда (АҚШ) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының шешуші жарыс күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді. Ол еркін бағдарламада сенімді өнер көрсетті. Оның жалпы ұпай саны 287.47.
Бұл – Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Бұған дейін Денис Тен әлем чемпионатында 2013 жылы күміс, ал 2015 жылы қола медаль иеленген.
Бұл – Михаил үшін маусымдағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осы жарыста жеңіске жеткен Денис Теннің жетістігін қайталаған.
Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасына ие болып, Миланда Қазақстан намысын қорғайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық