Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Милад Карими мен Нариман Курбанов Әлем чемпионатының финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін сынға түскен 2 қазақстандық жекелей сында финалға жолдама алды. Милад Карими еркін жаттығуда 14.733 ұпаймен 3-орын алса, Нариман Курбанов ат снарядында өнер көрсетіп, 3-сатыға тұрақтады (15.033 ұпай). Жеке бағдарламадағы финал 5 қарашада өтеді. Мұнда іріктеуде алған ұпайлар есепке алынбайды.

Өкінішке қарай, командалық сында Ұлттық құрама іріктеуде 18-ші болып, ақтық сынға өте алмады. Ел намысын Милад Карими, Нариман Курбанов, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов пен Эмиль Ахмеджанов қорғады.

Кеше әйелдер арасындағы іріктеуде қазақстандық Аида Бауыржанова 77-ші (46.765 балл), ал Көркем Ербосынқызы 107-сатыдан (41.799) көрініп, келесі кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, Ливерпульде апта бойы 74 елден келген 400-ден астам таңдаулы гимнаст өзара бақ сынайды. Бұл қатарда былтырғы 6 әлем чемпионы бар.

Биыл Әлем чемпионатына алғаш рет Әлем Кубогы кезеңдері мен құрлық чемпионаттары арқылы іріктеу жүргізілгенін айта кеткен жөн.

Жалпы Ливерпуль – спорттық гимнастикадан Әлем чемпионатын қабылдап жатқан Ұлыбританиядағы 4-қала. Бұған дейін Бирмингем (1993), Лондон (2009) мен Глазгода (2015) жылдың үздіктері анықталған.

Бұл додада Париж Олимпиадасында өнер көрсететін 6 команда (ерлерден 3, әйелдерден 3) анықталмақ. Ал келесі жылғы әлем чемпионаты Бельгияның Антверпен қаласында өтеді.