14.04.2025 | 18:31
Бөлісу:
МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫ МЕН ПАРАЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ҚАНДАЙ?
Бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті ресми сайты мен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында келесі жылы Италияның Милан қаласында өтетін ХХV қысқы Олимпиада және Паралимпиаданың факелі қандай болатынын көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Факелдің ресми атауы «Essential». Бұл оның минималистік дизайн тұжырымдамасынан шыққан. Факел дизайны тұрақты дамуға бағытталған және озық технология мен жаңартылатын энергия арасындағы тамаша теңгерімді табады.
Жобаны ХХV қысқы Олимпиада және Паралимпиаданың басты серіктесі, Италияның Energy Group (Eni) және оның еншілес ұйымы және ойындардың ресми демеушісі Versalis бірге ұсынады. Факелді жобалау және әзірлеу жұмыстарын Carlo Ratti Associati студиясы атқарды.

Айта кетейік, «Ең ұлы саяхат» деп аталатын алау эстафетасы 63 күнге созылып, жалпы 12 мың шақырым қашықтықты бағындырады. Алау Италияның 60 эстафета пунктін аралап, ақырында 2026 жылдың 6 ақпанында Сан-Сиро стадионына жетеді.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ