Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Міне, керемет! Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалында ойнайды

Ұқсас жаңалықтар

Отандасымыз Елена Рыбакина ширек финалда латвиялық теннисші Елена Остапенконы сенімді жеңіп, Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Матчтың есебі: 6-2, 6:4. Рода Лейвер Аренада өткеен кездесу 1 сағат, 21 минутқа созылды. Елена 11 мәрте эйс жасаса, қарсыласы 1 жауапсыз соққымен көрге түсті. Десе де қазақстандық Елена Остапенко қарағанда доп беру кезінде көбірек қосарлы қателік істеді.

Елена – Australian Open-нің жартылай финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші. Алдыгүні ғана ол әлемнің 1-ракеткасы, осы турнирдің қазіргі чемпионы польяк Ига Швентекті ұтып, сенсация жасаған-ды.

Енді 2022 жылғы Уимблдон жеңімпазы финалға берілер жолдаманы америкалық Джессика Пегула немесе Виктория Азаренкомен сарапқа салады. Алдыңғысы әлемнің 3-ракеткасы, әрі қазір жарыс жолында қалған теннисшілер арасында рейтингі ең жоғары спортшы. Ал 33 жастағы Виктория Азаренко болса, Australian Open-нің 2 дүркін жеңімпазы.