Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Мират Жекеев пен Алтынай Жұмагелдиева дойбыдан әлем чемпионатына қатысып жатыр

Новости по теме

Грузияның Кобулети қаласында дойбыдан әлем чемпионаты басталды. Мұнда спортшылар классика, рапид (Бразилия нұсқасы) пен блицтен (орыс нұсқасы) сынға түсіп жатыр.

Қазақстан намысын халықаралық гроссмейстер, жастар арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы – Мират Жекеев пен Алтынай Жұмагелдиева қорғайды. Кеше жылдам дойбыдан Алтынай ширек финалда чемпион атанған Виктория Николаеваға есе жіберді.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 30 мың АҚШ доллары. Биылғы ақыл-ой аламанына 17 елдің спортшысы келді. Олардың арасында 20 гроссмейстер бар. Ойындарды төмендегі You Tube арнадан тікелей эфирде көре аласыздар.

Суретте Мират Жекеев.