Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Надежда Морозова Калгаридегі Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Надежда Морозова Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 3-кезеңінде 1500 метрде күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1:52.823 секундта жүгіріп өтті. Ал бәрінен жылдам бағындырған жапон Михи Такаги (1:52.549). Қола жүлде нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке бұйырды. Осы сайыста бақ сынаған қазақстандық Екатерина Айдова 15-сатыға тұрақтады.

Кеше 1500 метрге (А дивизион) жарыста ерлер арасында Дмитрий Морозов 17-ші орыннан көрінсе, 500 метрлік сында (А дивизион) Екатерина Аидова 13-ші, Алина Дауранова 18-сатыға жайғасқан.

Ертең Әлем Кубогы кезеңінің соңғы күні спортшылар 1000 метр мен масс-стартта жарысады.