Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Нариман Курбанов Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Франция астанасы Парижде спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 4-кезеңі аяқталды. Екі жылдан кейін Олимпиаданы қабылдайтын сарайдың бірінде сен тұр, мен атайын дейтін гимнастар шеберлік байқасты. Атта өнер көрсетуде қазақстандық Нариман Курбанов күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз бұл жаттығуда 14.450 ұпай жинады. Оның алдын Рис Мак Ленаган (15.100) орап кетсе, Қытай Тайпэйінің өкілі Шао Ю Ян (14.350 ұпай) қола медальге қол жеткізді.

Жалпы биылғы Әлем Кубогы 6 кезеңнен тұрады. Қалған жарыстар 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Сомбатхей қаласы (Мажарстан) мен 7-9 қазанда Түркияның Мерсин қаласында өтеді. Сосын әлемнің таңдаулы атлеттері 29 қазанда Ливерпульде басталатын Әлем чемпионатына дайындалады.