Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Нариман Курбанов Әлем Кубогы кезеңінде топ жарды

Ұқсас жаңалықтар

Мажарстанның Самботхей қаласында спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 5-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін отандасымыз Нариман Курбанов атта өнер көрсетуде чемпион атанды. Қытай Тайпэйінің өкілі Шао Ю Ян 2-ші болса, жапон спортшысы үздік үштікті түйіндеді.

Нариман осыған дейінгі Парижде өткен кезеңде дәл осы бағдарламада 14.450 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алған.

Сәл ертеректе тағы бір қазақстандық Милад Карими еркін жаттығуда 2-орыннан көрінді. Жалпы Самботхей қаласында 27 елдің үздік гимнастары 30 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр. Бұл қатарда Олимпиада мен Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Жалпы биылғы Әлем Кубогы 6 кезеңнен тұрады. Қалған соңғы кезең 7-9 қазанда Түркияның Мерсин қаласында өтеді. Сосын таңдаулы атлеттер 29 қазанда Ливерпульде басталатын Әлем чемпионатына дайындалады.