Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы қытайлық У Юдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Төрешілер есебі: 1-4.

Енді алтын медаль жолындағы шешуші жекпе-жекте қытайлық Бусе Наз Чакыроглу (Түркия) немесе Айра Виллегаспен (Филиппин) жұдырықтасады. Финал 9 тамыздан 10-ына қараған түнгі сағат 1:47-де басталады.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) ұтқан. Есеп 4:1. Ал жарыстың 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен (5-0) тізе бүктірген. Ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді жеңді. Есеп: 4-1.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, бір рет үздік үштікті түйіндеген.

Фото: Сали Сабиров.