Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Төрешілер есебі: 4-1. Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды.
Енді Назым финалға берілер жолдаманы Қытай боксшысымен сарапқа салады.
Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.