22.04.2025 | 15:06

ПЕНЧАК-СИЛАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 600-ДЕН АСТАМ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ

21 сәуірде Алматы қаласында пенчак-силаттан жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биылғы додаға еліміздің 16 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларынан 655 спортшы қатысып, 5 бағдарламада өзара бақ сынасты: тандинг, регу, тунгал, гандан, жеке креатив (жеке шығармашылық бағдарлама):

Жарыс нәтижесінде ересектер арасындағы үздік спортшыларға 4 чемпиондық белбеу табысталды. Сонымен қатар, 75 кг салмақта 1-орын иегеріне 1000 АҚШ доллары сыйақы ретінде берілді.

Біздің анықтама:

Пенчак-силат, я болмаса силат VII ғасырда пайда болған жекпе-жек түрі. Малай аралдар тобындағы халықтардың төл спорты. Екі спортшы арнайы музыканың ырғағымен билей жүріп, күш сынасады. Бұл жағынан силат Бразилияның ұлттық спорты капоэйраға ұқсайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес