Ұлттық құрама боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) ХІХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы айқасында Данис Латыповтан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бәсекені ширек финалдан бастаған Қамшыбек Бахрейн өкіліне рингте еш мүмкіндік бермей, төрешілердің бір ауыздан шешімімен келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, ол кем дегенде құрлық Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.