19.07.2025 | 21:19
Бөлісу:
ҚАРҚАРАЛЫДА «BYGYLY TRAIL QARQARALY - 2025» ТРЕЙЛ-МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында «Bygyly Trail Qarqaraly - 2025» трейл-марафоны бастау алды. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Додаға еліміздің әр өңірінен 600-ге жуық спортшы жиналды. Сонымен қатар, байрақты бәсекеде Испания, Вьетнам, Ресей және Малайзия өкілдері де бақ сынауда. Қатысушылар арасында 594 медаль мен 18 кубок сарапқа салынады.
Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар кіреді:
— 1 км;
— 5 км;
— 12 км;
— 21 км;
— 53 км қашықтық.
Бүгін ең ұзақ, яғни 53 км қашықтық бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында:
1-орын. Руслан Уразов (Алматы қ.)
1-орын. Кастро Педро Визуэте (Испания)
1-орын. Айгыл Петров (Ресей)
Әйелдер арасында:
1-орын. Назгүл Алдаберген (Астана)
2-орын. Анастасия Шамкий (Астана)
3-орын. Рауан Данабаева (Алматы қ.)
Сондай-ақ марафонның алғашқы күнінде балалар мен жасөспірімдер 1 км және 5 км қашықтықта жарысты. Ертең спортшылар 12 және 21 км қашықтықтарда өзара мықтыны анықтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
НОРА ДЖЕРУТО ТОКИОДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6-ШЫ САТЫҒА ТҰРАҚТАДЫ
НОРА ДЖЕРУТО «ГАУҺАР ЛИГАСЫНДА» ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ
ИВАН ИВАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: ҚАЗАҚСТАН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 4-ОРЫН АЛДЫ