Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан әйелдер құрамасы Algarve Sevens турнирінің жеңімпазы атанды

Ұқсас жаңалықтар

Регби 7-ден еліміздің əйелдер құрамасы Португалияның Алгарве өңірінде өткен IV халықаралық турнирде топ жарды. Біздің регбишілер жарысты В тобында бастап, 3 матчта да қарсыласынан ірі есеппен басым түсті. Сосын, ширек финалда Англияның Sketty Hoops клубын (48-5), жартылай финалда жарыс қожайыны Португалия клубын (36-5) жеңді. Ал ақтық сында Франциядан келген Landes sevens командасын ұтты. Есеп: 14-12.

Algarve Sevens – биыл 4-рет ұйымдастырылған халықаралық жарыс. Соған қарамастан жыл сайын көптеген құрама мен клуб қызығушылығық танытып келе жатыр. Биыл ерлер мен әйелдерді қосқанда 60 команда бақ сынады.