Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екі аптаға созылған бәсекенің бір ерекшелігі – келе жатқан жазғы Олимпиада жолдамаларының үлестірілуі. Бұған дейін сары құрлық ойындарында мұндай болмаған. Ханчжоу сайыс алаңдарында спорттың 9 түрінен лицензия сарапқа салынды. Олар: су добы, теннис, садақ ату, қазіргі бессайыс, бокс, көркем жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, желкенді қайық спорты.
Жолдама алған мемлекеттер мынадай:
Қытай – 19
Таиланд – 7
Жапония – 6
Тайпей – 6
Үндістан – 6
Өзбекстан – 5
Қазақстан – 4
Моңғолия – 3
Оңтүстік Корея – 3
Тәжікстан – 2
Солтүстік Корея – 2
Филиппин – 1
Индонезия – 1
Сингапур – 1
Гонконг – 1
Малайзия – 1
Қазақ спортшыларынан жолдамаға Қамшыбек Қоңқабаев, Карина Ибрагимова (бокс), Елена Потапенко, Георгий Борода-Дудочкин (қазіргі бессайыс) иелік етті.