Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан барлық жас санатындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі доданы сәтті бастаған қазақстандық спортшылар сол қарқынынан таймай, жалпы есепте 2-орын алды.
Ұлттық құрама еншісінде 22 алтын, 15 күміс, 39 қола медаль бар.

