Ташкентте көркем гимнастикадан Әлем кубогы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні отандастарымыз шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы сапында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.
Алтынды 33,40 ұпаймен Қытай елінен келген жеңіл атлеттер жеңсе, күміске өзбекстандықтар (27,95 ұпай) қол жеткізді.
