Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Малайзияның Патраджайя қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күні кросс-кантри эстафетада Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Мәре сызығын бірінші болып Қытай командасы кессе, Индонезия күміс, Қазақстан қола жүлдегер атанды.

Біздің команда құрамында Ілияс Рахимов, Денис Сергиенко, Алина Саркулова, Никита ⁠Галкин, Мадина Жұртыбаева, Евгения Заам сынға түсті.

Бұл бағдарламада барлығы 8 құрама жарыс жолына шықты. Сары құрлық бәсекесі 12 мамырда аяқталады.