Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылғы 29–31 тамыз аралығында Алматыда құзға өрмелеуден Азия Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Құрлықтық бәсекеге 10-нан астам елдің спортшылары бақ сынайды. Байрақты бәсеке «Шабыт» жазғы амфитеатрының маңайында өткізіледі. Турнирге Қазақстан, Қытай (Гонконг), Үндістан, Иран, Жапония, Сингапур және Корея Республикасының Ұлттық құрамалары қатысады. Алматыға әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған Азияның ең үздік құзға өрмелеушілері жиналады.

Үш күн бойы спортшылар екі бағдарлама бойынша күш сынасатын болады. Олар «жылдамдық» және «қиындық» жаттығулары.  Өтетін орны: «Шабыт» жазғы амфитеатры (Алматы қ., Гоголь көшесі, 1е).