Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстанның алғашқы құрамасы жағажай волейболынан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Ұқсас жаңалықтар

Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін кім мықтыны анықтайды. Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран 4 құрама қосса, Қазақстан, Аустралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар 3 командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг 2 жұптан аттандырды. Тек Үндістан 1 құрамасына сенім артады.

D тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан 1) ешкімге дес бермей келеді. Олар бүгін Гон Конг (2) құрамасын сенімді жеңді. Есеп: 21:14, 21:15. Кеше Яковлев пен Богату дуэті Австралия (2) волейболшыларын 1:2 (21:17, 21:23, 10:15) ұтты. Ал алғашқы ойында Оманнан басым түсті (15:21, 15:21). Еліміздің алғашқы құрамасы өз тобынан 1-орынмен плей-офқа жолдама алды.

Нұрдос Алдаш пен Кирил Гурин (Қазақстан 2) F тобында Қытай мен Таиландтан 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Олар енді Иран (4) жігіттерімен ойнайды.

Ал Қазақстанның 3-құрамасындағы Владислав Пустинников пен Артём Петросянц алғашқы мачта аустралиялықтарға жол бергенімен (2:0), кеше Жапонияның көшбасшы командасынан басым түсті (1:2).

Айта кетейік, сары құрлықтағы көшбасшы Аустралия құрамасы. Олар осыған дейін 5 мәрте чемпион болған. Индонезия 4, Қытай 3, Иран, Катар, Жаңа Зеландия 2 реттен топ жарса, Қазақстан құрамасы 1 рет алтын жеңіп алды.

Суреттер Азия волейбол конфедерациясының сайтынан алынды.