Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті.
Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалды А тобында өнер көрсетеді.
Спортшылар ертең 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды. Үшінші жарыс – конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласып жатыр.
Фото: Владислав Семенов.