Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Регби-15: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

3 шілдеде Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте 15 адам ойнайтын регбиден 3-дивизиондағы құрамалар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда жарыс қожайындарымен шеберлік байқасып, 113:5 есебімен ойсырата жеңді. Ақтық сынға берілер 2-жолдаманы Өзбекстан құрамасы иеленді. Олар Моңғолия регбишілерінен 17:10 есебімен айласын асырды.

Енді 6 шілдеде Қазақстан мен Өзбекстан жеңімпазды анықтаса, Қырғызстан мен Моңғолия 3-орынды сарапқа салады.

Айта кетейік, регби-15 олимпиада бағдарламасына кірмейді.