Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Садақ атудан ерлер құрамасы Азия Кубогы кезеңінде қола медаль алды

Ұқсас жаңалықтар

Қытайдың Таоюань қаласында садақ атудан Азия Кубогының 1-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы (Акбарәлі Қарабаев, Андрей Тютюн мен Буниед Мирзаметов) Таиландты жеңіп (228-223), қола жүлдегер атанды. Біздің мергендер жартылай финалда Малайзиядан бір ұпай айырмашылығымен жол берді (229-230).

Ертең, алғашқы кезеңнің соңғы күні қалған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Атап айтар болсақ, біздің қоржынымызға 4 жүлде түседі.

Қазақстан әйелдер құрамасы (құралмалы садақ) Үндістанмен, ал жекелей сында Ильфат Абдуллин (олимпиадалық/классикалық түрінен) бангладештік спортшымен алтын медальді сарапқа салады. Сондай-ақ құралмалы және классикалық садақ атудан аралас сындағы Ұлттық құрама финалда сынға түседі.