06.09.2025 | 13:51

САДАҚ АТУДАН ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСАДЫ

Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында құралмалы садақ атудан Қазақстанның әйелдер құрамасы көпшілікті таңғалдырып, жартылай финалға жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған команда жарыс жолынан Польша, Эстония, Италияны шығарды. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мексикамен 231:231 есебімен тең түссе де, қосымша кезеңде қарсыластардың мерейі басым болды.

Жеңістер:

1/16 финал. Польша - 229:227

1/8 финал. Эстония - 230:226

1/4 финал. Италия - 228:227

Жеңіліс:

Жартылай финал. Мексика - 231:231 (29:30)

Енді Қазақстан 3-орын үшін Ұлыбритания құрамасымен  таласады. Қола жүлде үшін бәсеке ертең өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес