05.09.2025 | 08:43

САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СӘТТІ БАСТАДЫ

Бокстан Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан сапынан 90 келідегі Сағындық Тоғамбай бастапқы кезеңде жергілікті спортшы Исаак Окодан жеңісті жұлып алды. Алғашқы раундта төрешілердің бүйрегі ағылшын бокшысына бұрғанымен, қалған уақытта жерлесіміз қысымды арттырып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес