Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Сағындық Тоғамбай Азиаданың жартылай финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

Сағындық Тоғамбай ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шығып, бокстан алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Санаулы сәттер бұрын 92 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын Сағындық Иран шаршы алаң шебері Туфан Шарифиді алғашқы раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, ол құрлық ойындарында кемі қола медальге қол жеткізіп үлгерді.

Оның ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Лазизбек Муллажоновты (Өзбекстан) жеңген Қытай боксшысы болмақ. Айта кетейік, Ұлттық құрама спортшысы алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Бариахаан Доржды мерзімінен бұрын ұтқан.