Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан лицензиялық турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Гонконг спортшысы Каннет Там Чунды мерзімінен бұрын ұтты. Енді Сәкен келесі кезеңде Кения өкілі Дэвид Каранча Мачариамен жұдырықтасады.
Суреттердің авторы – Аян Төлеген.