22.07.2025 | 22:01

САМИРХОН АБАБАКИРОВ - ХХХІІ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Германиядағы ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті,

Таеквондодан 67 келіде сынға түскен отандасымыз  Самирхон Абабакиров ақтық сайыста Түркия өкілін жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Самирхон Абабакировтың жарыстағы жолы:

Финал. Түркия өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.
Жартылай финал. Тунис өкілі Мохамед Халил Джендубиден 2:0 есебімен басым түсті.
Ширек финал. Канада өкілі Йохан Чангты 2:0 есебімен ұтты.
1/8 финал. Сауд Арабиясы өкілі Абдулла Алькумизиді 2:0 есебімен жеңді.
1/16 финал. Израиль өкілі Ори Торгеманды 2:0 есебімен ұтты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес