Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ШОРТ-ТРЕКТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ТАРИХИ ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан World Tour кезеңінде Қазақстан әйелдер командасы эстафетада үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мұнда Канада топ жарса, Оңтүстік Корея күміс, Қазақстан қола медаль алды. Ел намысын Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Яна Хан мен Ольга Тихонова қорғады. Бұл эстафетадан әйелдер құрамасының World Tour-да жеңіп алған алғашқы жүлдесі.