07.02.2025 | 09:27

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИАДАНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА СЫНҒА ТҮСЕДІ

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада ширек финалда жарысқан Ұлттық құрама 2:45.431 уақытпен мәре сызығын бірінші болып кесіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мұнда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек пен Мерсаид Жақсыбаев бақ сынап, Жапония мен Қытайдың Тайпэйін басып озды.

Айта кетейік, жартылай финал бүгін, сағат 12:44-ке (Харбин уақыты) жоспарланған.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес