08.09.2025 | 20:16

ШЫҢҒЫС ТАЙЛИЕВ ЗАЛЬЦБУРГТЕГІ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Ұлттық құрама спортшысы Шыңғыс Тайлиев Аустрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7-2 есебімен ұтты. Отандасымыз жарыс барысында жеңген қарсыластар: 

Роман Чимбур (AIN2) 11-1.

Марио Ианнуцци (Италия) 7-2.

Витулано Дженнаро (Италия).

Жұбаныш кезеңі: Мисини Мурсел (Македония) 4-0.

Біздің команда Karate 1-Series A Salzburg жарысын 2 қола медальмен 11-сатыда аяқтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес