Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Слаломда ескек есуден қоржынға екінші медаль түсті

Ұқсас жаңалықтар

Слаломда ескек есуден Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар екінші жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасындағы ақтық сында Екатерина Таранцева үздік үштікті түйіндеді. Оның нәтижесі 115.71ү Бас жүлдеге Тайбэй атлеті Чу-Хан Чанг қол жеткізсе (109.51), күміс медаль қытайлық Лу Лидің (110.22) еншісінде. Финалда барлығы 7 атлет өнер көрсетті.

Бағана жартылай финалда қазақстандық (116.76 балл) 3-орын алған. Екатерина былтыр Таиландтың Паттайя қаласында болған Азия чемпионатында топ жарған.