10.08.2025 | 21:43
Бөлісу:
СОФЬЯ САМОДЕЛКИНА АҚШ-ТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕКЕ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен «Cranberry Cup International 2025» Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының лицензия иегері – Софья Самоделкина жаңа маусымға деген тыңғылықты дайындығын көрсетіп, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты.

Қорытынды нәтиже:
1. Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 207,61 ұпай (70,69+136,92)
2. Софья Самоделкина – 203,15 ұпай (65,80+137,35)
3. Жиа Шин – 179,97 ұпай (62,12+117,85)
7-10 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде 20 елден 99 спортшы қатысты. Айта кетейік, «Cranberry Cup» бәсекесі 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және бұл Қазақстан тарихындағы бірінші жүлде ретінде тіркелді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық