Бүгін Испанияның Ла-Нусия қаласында таеквондодан G1 санатындағы Spanish Open турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ересектер арасында Қазақстан Ұлттық құрамасының 3 өкілі жүлдеге қол жеткізді.
Әзірет Дүйсенбек 54 кг дейінгі салмақта чемпион атанса, Абдурахмон Марипов (74 кг) финалда қарсыласына есе жіберді. Жавовирхон Исламов (58 кг) 3-орыннан көрінді.
Айта кетейік, бұл бәсекеге ересектер арасында елімізден барлығы 25 таеквондошы қатысты.