Иран астанасы Тегеран қаласында клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталады. Ел чемпионы«Тараз» 3-орын үшін болған матчта Иранның «Шахбад Язд» командасынан жеңіліп қалды. Есеп 0:3.
Чемпионат қорытындысы бойынша, тараздық Нодирхан Кәдірханов үздік орталық тосқауыл қоюшысы атанды.

Иранның «Тегеран Пейкан» клубы финалда Жапонияның Suntory Sunbirds командасын ұтып (3:2), 8 дүркін Азия чемпиона атанды. Ал бестікті Таиландтың «Нахон Ратчасима» ұжымы түйіндеді.