Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ТАРАЗДА ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КУБОГЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Ұқсас жаңалықтар

Тараз қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін қатысушылар дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес бойынша іріктеу бәсекелерінде сынға түсуде.

Дәстүрлі кешенді жарыстың мақсаты – спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыру, талантты  балалардың көзге түсуіне жағдай жасау.

Айта кетейік, жартылай финал мен ақтық сайыстар 23-24 қазан аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.