18.06.2025 | 17:49
Бөлісу:
ТАШКЕНТТЕГІ CHALLENGE CUP ЖАРЫСЫНДА 4 ҚАЗАҚ ГИМНАСТЫ СЫНҒА ТҮСЕДІ
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл кезеңде Ұлттық құраманың 4 спортшысы жүлдеге таласады. Олар: Зейнолла Ыдырысов, Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин мен Алтынхан Темірбек.
Бүгін және ертең жекелей жаттығудан іріктеу өтеді. Ал 20-21 маусымда финалдар болады. Ташкентке барлығы 15 мемлекеттен 70 спортшы келді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық