Қазақстанның 1-ракеткасы WTA 250 санатындағы Словения ашық чемпионатының финалына шығып, чехиялық Катерина Синяковадан жеңіліп қалды.
Бірінші сетте Елена Рыбакина2 рет брейк жасап, 5:0 есебімен алға шыққан Алайда Синякованың таразы басын теңестіріп кетті. Тай-брейкте қазақстандық теннисші басым түсті – 7:6 (7:4).
Екінші сетте есеп 3:3 болғанда қазақстандық спортшы брейк жасағанымен, чехиялық теннисші сол бойда есе қайтарды – 4:4. Бұл жолы тай-брейкте Синякованың жолы болды – 7:6 (7:5).
Шешуші сетте Катерина Синякова брейк жасап, 6:4 есебімен жеңімпаз атанды. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Елена 8 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Еліміздің үздік теннисшісі бүгін жаңарған рейтингте 1855 ұпаймен 22-орынға көтерілді. Енді ол ертеңнен бастап WTA 500 санатындағы Токиодағы бәсекеде өнер көрсетеді. Алғашқы ойында әлемнің 30-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина сегіз рет WTA додаларының финалына шығып, соның екеуінде жеңген. Ал карьерасындағы үздік нәтижесі биылғы Уимблдондағы жеңісі.
