11.06.2025 | 16:46
Бөлісу:
ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Вьетнам астанасы Ханойда өтіп жатқан әйелдер арасында Азия волейбол қауымдастығының Ұлттар лигасында жартылай финалға шыққан командалар анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы В тобындағы төртінші матчта Ираннан басым түсті. Есеп: 3-1 (25-14, 25-18, 22-25, 26-24).
Осылайша, Ришат Гилязутдинов баптайтын Ұлттар құрама 12 ұпаймен топта 1-орын алды. Енді біздің волейболшылар 13 маусымда болатын жартылай финалдағы қарсыласын күтеді.
Осыған дейін Қазақстан Жаңа Зеландия, Индонезия, Моңғолияны жеңген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН ЭДУАРД КИМ 9-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
ӘРТІСТІК ЖҮЗУ: СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ФИНАЛҒА ӨТТІ
6 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?