Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Жарайсың! Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының финалында ойнайды

Ұқсас жаңалықтар

Түнде Ұлттық құрама теннисшісі Анна Данилина аралас жұптық сында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан Америка ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олар жартылай финалда Мате Павич (Хорватия) пен Эна Сибахараны (Жапония) екі сетте жеңді. Есеп: 7:6 (7:2), 6-4.

Енді Анна мен Харри финалда қос америкалық Остин Крайчек және Джессика Пегуламен сынға түседі. Бас жүлде жолындағы матч Артур Эш атындағы стадионда болады.

Анна осымен жұптық сында Үлкен Дулыға санатындағы бәсекенің финалына 2-рет шығып тұр. Былтыр ол бразилиялық Беатрис Аддад Майямен бірге Аустралия ашық чемпионатының финалында қос чехиялық Барбора Крейчикова/Катержина Синяковаға есе жіберген.