18.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Жайна Шекербекова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Санаулы сәттер бұрын Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Жайна Шекербекова (52 кг дейін) таиландтық Джутамас Джитпонгтан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп 1:4. Жайна Түркиядағы бәсекенің қола медаліне ие болды.

Ол ширек финалда Италия намысын қорғайтын Олеся Савчуктан, 1/8 кезеңде жапониялық Киношита Ринкадан, 1-ші кездесуінде Пуэрто-Рико өкілі Мелоди Варгастан айласын асырған.

Айта кетейік, бұл 32 жастағы қазақстандық боксшының әлем чемпионатындағы 3-жүлдесі. 2016 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында қола, екі жылдан соң Делидегі бәсекеде күміс медаль алған. Сондай-ақ Азия чемпионатында топ жарып, Азия ойындарында күміске қанағат тұтты.



Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ЛИВЕРПУЛЬДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА