14.09.2025 | 19:18
Бөлісу:
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ЗАГРЕБТЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ
Хорватия астанасында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен жеребе нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы спортшыларының алғашқы қарсыласы мынадай:
50 кг, 1/8 кезең:
Светлана Анкичева – Мёнен Вон (Солтүстік Корея) немесе Елизавета Смирнова (UWW)
53 кг, іріктеу:
Зейнеп Баянова – Се Ён Пак (Оңтүстік Корея)
55 кг, 1/8 кезең:
Зульфия Яхьярова – Ельвира Сүлейман Камалоглу (Түркия)
57 кг; іріктеу:
Лаура Алмағанбетова – Яна Кристина Хемиаэ (Финляндия)
59 кг, іріктеу:
Виктория Хусаинова – Зельтзин Эрнандес (Мексика)
62 кг, іріктеу:
Тыныс Дүбек – Алиса Новосад (Польша)
68 кг, іріктеу:
Бейбіт Сейдуалы – Хёнен Пак (Оңтүстік Корея)
72 кг, 1/8 кезең:
Жәмилә Бақбергенова – Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан)
76 кг, 1/8 кезең:
Эльмира Сыздықова – Энрика Ринальди (Италия) немесе Камила Гаукайте (Литва).
Ертең әйелдер күресінде 55 пен 59 кг дейінгі салмақтағы іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстанда әлем чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ