Сингапурда су добынан Əлем Кубогына іріктеуге арналған Азия чемпионаты аяқталды. Еліміздің ерлер құрамасы Таиландты 18-7 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
Бұл сында Дамир Темірханов жаттықтыратын ерлер құрамасы Иранмен кездесіп, пенальти сериясында есе жіберді. Есеп: 14-15. Ал оның алдында біздің ватерполшылар Гонконг құрамасын ойсырата ұтты (22-7). Ал алғашқы жарыс күні Филиппиннен басым түсті. Есеп: 19-6.
Осыған дейін Әсел Жақаева баптайтын Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанған. Олар барлық матчта жеңіске жетті. Осылайша, ерлер миен әйелдер құрамасы мамыр айында Берлинде өтетін Əлем Кубогына жолдама алды.