Əбиба Абужақынова (48 кг дейін) испаниялық Лаура Абелинда Мартинесті ұтып, Тбилисидегі Үлкен Дулыға бəсекесінің қола жүлдегері атанды. Қазақстандық кездесудің басында вазари ұпайын алды.
Отандасымыз 2-айналымда украиналық, сосын израильдік Тамар Мальчаны жеңді. Алайда ширек финалда сербиялық Милица Николичке есе жіберді.

